Тоқаев тәрізді басқа шенеуніктердің де туыстарына тыйым болмай ма?

5994

Президенттің туыстарына алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруына тыйым салынғалы жатыр. Алайда министрлерден бастап мемлекеттік органдардың "бірінші басшыларына" да осы тәртіпті енгізген дұрыс па? Бұл сұрақ бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа қойылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тоқаев тәрізді басқа шенеуніктердің де туыстарына тыйым болмай ма?

"Бұл мәселе Конституциялық реформалар аясында қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға, министрлерге немесе әкімдерге болсын, мәселені қарау керек шығар. Бірақ мұның бәрі қандай формада болатынын әлі айту қиын. Конституцияға өзгерістерді алдымен енгізейік. Өздеріңіз білетіндей, қазір бұл бағытта арнайы жұмыс тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Содан кейін біз басқа мәселелерді қосып, бәрін қарастырамыз. Нақты қалай формада болатынын заңдарды талқылаған кезде ақылдасайық. Содан кейін сіздерге ақпарат беретін боламыз", – деп сырғытпа жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, жақында ғана Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың інісі Ғазиз Қошанов "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма мүшесі атанғаны қызу талқыланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу