Тоқаев Темірбетон бұйымдары зауытына барды

413

Президент кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында шағын және орта бизнесті өркендету үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. 

Тоқаев Темірбетон бұйымдары зауытына барды Фото: akorda.kz

"Құрылыс-көлік компаниясы" ЖШС биыл іске қосқан жобаның жалпы құны – 2,6 миллиард теңге. Оның 370 миллион теңгесі "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы қаржыландырылған. Комбинат күніне 200 текше метр темірбетон бұйымдарын өндіреді. Өндіріске қажетті шикізаттар жергілікті жерден алынады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына аймақтағы кәсіпорындардан шығатын басқа да өнім түрлері таныстырылды. Олардың басым бөлігі – құрылыс саласы үшін аса қажетті материалдар. Атап айтқанда, табақша шыны ("OrdaGlass" ЖШС), ПВХ-құбырлары мен фитингтер ("КНК Кемикал" ЖШС), каскалар ("NP-Consalting" ЖШС), плитка желімдері мен сәндік сылақтар ("Вега-Пром" ЖШС), жол және тротуар бордюрлерін, құм-керамзит блоктарын ("Садуакасов Ж.А" ЖК), қиыршық тастың әртүрлі фракцияларын ("Shalkiya Dolomite Operating" ЖШС), терезелер мен айналар ("Комфорт KZ" ЖШС), әк ("Орда строй маркет" ЖШС), кірпіш өнімдерін ("Мелиоратор" ЖШС) және тағы да басқа бұйымдарды шығарады. Сондай-ақ көрмеге "Dalatex" компаниясының текстиль бұйымдары, "Өркен Әлем" ЖШС шығаратын жеке қорғаныс құралдары қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу