Тоқаев TikTok компаниясының бас директорымен кездесті

368

TikTok-қа 10 млн астам қазақстандық тіркелген.

Тоқаев TikTok компаниясының бас директорымен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады”, - делінген хабарламада.

Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау  әдістерін үйрету курсынан өтті.

“Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды”, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу