Тоқаев ТМД Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті

640

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев ТМД Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы шиеленісе түскен геосаяси қайшылықтар мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды.

"Бұл ретте өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев кедергілерді жоюға, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастыруға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы өз сөзінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне, атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екеніне тоқталды.

Президенттің айтуынша, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын "Солтүстік – Оңтүстік" бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды. Сөз соңында Елордада өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы Достастыққа мүше елдердің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу