Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын құру керек

746

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ІТ-саласындағы қарым-қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті.  

Тоқаев: Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын құру керек Фото: inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында сөйлеген сөзінде "соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатқанын" айтты, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түркі елдерінің IT-саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды. Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады. Жуырда Астанада "Digital Bridge" атты халықаралық іс-шара өтті. Онда ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды", - деді ол.

Мемлекет басшысы Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының цифрландыру орталығын құруды ұсынды.

"Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Оған қол жеткізу үшін Түркі елдерінің Венчурлық қорын құрған жөн деп санаймын. Сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады", - деп атап өтті Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу