Бүгін мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады. Ұйымға мүше елдер апат пен түрлі төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керек, бір-біріне қол ұшын беріп, гуманитарлық көмек жеткізу секілді мәселелерді талқылайды. Жалпы Түркі мемлекеттерінің саммиті 1992 жылдан бері өткізіліп келеді.
2009 жылы ынтымақтастық кеңесі құрылған. Араға 12 жыл салып, 2021 жылы Ыстамбұлда VIII саммитте Түркі мемлекеттері ұйымы боп қайта жасақталды. Дәл осы кезде Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы атанған еді. Бұл ұйымға Қазақстан мен Түркиядан өзге Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Мажарстан мен Солтүстік Кипр мүше.