Тоқаев тілшілердің сайлаудан кейін саяси қайта құру бола ма және үкіметті отставкаға жібересіз бе деген сұрағына қатысты пікірін білдірді.
"Саяси қайта құруға келетін болсақ, мен айтқанымдай, саяси реформаларды жалғастыру керек, әйтпесе тоқырау болады. Екінші жағынан, заң үкіметтің президент сайлауынан кейін отставкаға кетуін талап етпейді. Бұл міндетті түрде парламенттік сайлаудан кейін жүзеге асырылады" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Тоқаев Парламент сайлауының мерзіміне қатысты да ойымен бөлісті.
"Парламент сайлауының мерзіміне келсек, жыл соңында арнайы мәлімдеме жасаймын. Сондықтан үкімет жұмысын жалғастырады, бірақ үкіметтің құрамында да, басқа ведомстволарда да, әрине, нүктелік өзгерістер болады" - деді ол.