Тоқаев заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесіне қатысты тапсырма берді

448

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Тоқаев заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесіне қатысты тапсырма берді Фото: akorda.kz

Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қатысты.

Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу