Тоқаев "Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы" келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото:
inform.kz
>Аталмыш келісім "Жаһандық жасыл өсу институты" халықаралық ұйымын құруды көздейді. Бұл ұйымның негізгі қызмет түрлеріне мыналар кіреді:
- өтпелі экономикасы бар елдер мен дамушы елдерге ұлттық, облыстық немесе жергілікті деңгейде жасыл өсу жоспарларын әзірлеу және іске асыру ісінде олардың әлеуетін арттыру саласында қолдау көрсету;
- жасыл өсу теориясы мен практикасын ілгерілету мақсатында, оның ішінде үкіметтер мен салалардың тәжірибесіне сүйене отырып зерттеулер жүргізу;
- ресурстарды тиімді пайдалану кезінде инвестициялау, инновациялар, өндіріс және тұтыну үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ озық тәжірибені тарату мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қол ұшын созу;
- нақты білімді тарату және қоғамның "жасыл өсу" мен тұрақты даму туралы хабардарлығын арттыру.
Қазақстан келісімді ратификациялай отырып, "Жаһандық жасыл өсу институтының" толыққанды мүшесі әрі Ассамблеяның ("Жаһандық жасыл өсу институтының" жоғары органы) сессияларында дауыс беру құқығына ие болады. Сонымен қатар "Жаһандық жасыл өсу институты" атқарушы органының – Кеңестің мүшесі болып сайлану құқығына да ие болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу