Тоқаев: Жаһандық жылынудың салдары су тапшылығына әкеледі

327

Климаттық проблемалардан қашып құтыла алмаймыз, оған бейімделу керекпіз, деді Президент.

Тоқаев: Жаһандық жылынудың салдары су тапшылығына әкеледі Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеңірек айтқанда, халықаралық қоғамдастық климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтеді деп үміттенеміз. Бірақ қаржыландыру – тек кедергілердің басы ғана",- деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы климаттық проблемалардан қашып құтыла алмаймыз, оған бейімделу керекпіз, деді.

"2050 жылға қарай жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуін шектей алғанымызбен, Орталық Азия елдері бәрібір температураның 2,5 градусқа дейін жоғарылау мәселесімен бетпе-бет келеді. Бұл су тапшылығына, қатты ыстыққа, шөлге және экстремальды гидрологиялық құбылыстарға әкеп соқтырады. Сондықтан мұндай қиын жағдайдан қашып құтыла алмаймыз және оған бейімделуге мәжбүрміз",- Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу