Тоқаев жаңадан тағайындалған Сауда және интеграция министрін қабылдады

316

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тоқаев жаңадан тағайындалған Сауда және интеграция министрін қабылдады Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

Сондай-ақ,кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу