Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жандос Шаймарданов:
- Қазақстан экономикасындағы құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылуына жасалған сараптама жұмыстарын таныстырды;
- ұлттық статистиканы реформалау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы және Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы мәлімет берді;
- мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу