Тоқаев жастарға "масылдықтан арылу" керек екенін айтады

954

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда табысқа жетудің төте жолы жемқорлық пен алаяқтық деген "қате түсінік" орнығып қалғанын айтады. 

Тоқаев жастарға "масылдықтан арылу" керек екенін айтады

"Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет. Өкінішке қарай, кейде жұрт, әсіресе жастар, маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді. "Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен" жүргенді жөн көреді. Өйткені олар "бізде адал еңбек бағаланбайды" деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін алаяқтар мен жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой түзейтін болды. Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы деген қате түсінік орнығып жатыр", – деді Президент. 

Айтуына қарағанда, "масылдықтан арылса" мұндай "қате түсінік" жойылады.

"Оған қоса тағы бір жағымсыз үрдіс бар. Кейбіреулер адал еңбекпен жетістікке жететін мүмкіндік жоқ екенін білген соң еш әрекетсіз қол қусырып отырады. Жұмыс істеудің орнына мемлекетке де, жақындарына да масыл боады. Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп, алақан жаюдан арланбайды. Тіпті жергілікті билікке қоқан-лоққы көрсетуден де тайынбайды. Ұлтты жегідей жейтін осы кеселдер елімізді кері тартады. Министрден малшыға, қаржыгерден қара жұмысшыға дейін әрқайсымыз бұл туралы терең ойлануымыз керек. Тиісті қорытынды жасап, дұрыс әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана біз өркениетті қоғам құра аламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу