Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

723

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады.  

Тоқаев Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 27 қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы екі елдің стратегиялық серіктестігін дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Президенттер бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу