Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді

419

Астана бас қала болса да, шешілмеген мәселесі шаш етектен.

Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді Фото: inbusiness.kz

Жылу, су, заңсыз құрылыс, үлескерлер мәселесі және әдеттегі ЛРТ жыры. Қыруар қаржы бөлінсе де, проблема сол баяғы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкіміне мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды. Жеңіс Қасымбектің бір жыл уақыты бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Астанада құрылыс көп болғандықтан, қомақты қаржы бөлінетіні белгілі. Сондықтан, адал кәсіпкерлермен қатар, түрлі алаяқтар да пайда көріп қалуға тырысады. Кейбір компаниялар құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары болмаса да, жұмыс істеп жатыр. Бизнесті тексеруге салынған тыйымды, яғни мораторийді желеу етеді", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу