Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен жапондықтарға көңіл айтты

333

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен жапондықтарға көңіл айтты Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Еліңізде орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу