"Қасым-Жомарт Кемелұлы екеуміз үнемі байланыста боламыз. Біз онымен өте жылы, сенімді, достық қарым-қатынас орнаттық", - деді Ресей Президенті.
Оның айтуынша, ресей-қазақстан қатынастарының асқынуына ешқандай алғышарттар жоқ.
Путин екі ел арасындағы тауар айналымындағы өзара есеп айырысулар іс жүзінде 100 пайыз ұлттық валютада жүзеге асырылатынын еске салды.
Ол гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейін атап өтті.
"Бізде барлық дерлік векторлар бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде осы бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылымызды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз ШЫҰ және басқа да іс-шаралар болады. Мені шақырды, шақыртуды қабыл алдым", - деді Путин.
Ресейдің 76 субъектісі Қазақстандағы тиісті аумақтармен тікелей қарым-қатынаста.
"Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", – деді ол.