Не десек те 2 жыл сегіз ай сенат төрағасы болған ол Парламенттен жырақтамады. Президент оны депутат етіп тағайындады. Одан өзге тағы 30 азамат сенатор атанды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы су жаңа депутаттарды тіркеуден өткізді. Арасында жақында қызметсіз қалған шенеуніктер де бар.
Жақып Асанов өткен жылдың соңында Жоғары сот төрағасы қызметінен босатылды. Бірақ, жұмыссыз ұзақ жүрмеді. Бір жарым айдан кейін сенаттан бірақ шықты. Қызығы бұл жаңалықты күні кеше естіпті. Тоқаев сенім артқан соң, халыққа адал қызмет етуге уәде берді.
Генадий Шиповских Мәжілістің екі шақырылымында депутат болды. Осы қызметін енді жалғастырады. Тек жоғары палатада.
"Тәжірибе бар. Әркез ашықпын. Әлеуметтік желіде де белсенділік сақталады" деді Г.Шиповских.
Екі жыл сегіз ай сенат спикері болған Мәулен Әшімбаевты күні кеше қызметінен босатты. Босатты да сенатор етіп тағайындады. Әзірге төрағаның орны бос. Демек, Конституция бойынша Тоқаевтың қызметін уақытша атқаратын екінші тұлға әзірге жоқ. Президент жақын күндері өз кандидатурасын ұсынуы тиіс. Ал депутаттар дауысқа салады. Әшімбевқа бұрынғы орын бұйыра ма жоқ па белгісіз.
Сонымен Орталық сайлау комиссиясы 31 сенаторды тіркеді. Соның 20-сы 14-ші ақпанада өткен сайлаудың нәтижесінде депутат атанды. Ал 10 сенаторды Тоқаевтың өзі тағайындады. Оның ішінде бесеуін Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров тіркеуден өткен депутаттарға куәлік пен төсбелгілерді табыс етті.