Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді

770

Сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz. 

Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді Фото: akorda.kz

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беретін күні 26 қарашаға белгіленді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Кезектен тыс өткен президент сайлауының қорытындысына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,3%-ы дауыс берген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу