Тоқаевтың пікірі қос елдің дипломаттарының кездесуіне түрткі болуы мүмкін

940

Белгілі саясаттанушы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, мемлекет басшысның сұхбаты Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынасына сызат түсірмейді.  

Тоқаевтың пікірі қос елдің дипломаттарының кездесуіне түрткі болуы мүмкін

Тоқаевтың Қырымға қатысты пікірі Қазақстан мен Украина дипломаттарының кездесуіне түрткі болуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі мамандарының айтуынша, кездесуге Украинаның елшісі Иван Кулеба келеді деп күтілуде. Жиынның өтуіне де Украина тарапы  бастамашылық танытыпты.

Еске салайын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Дотче Велли радиостанциясына берген сұхбатында, Қырымның Ресейге қосылуын аннексия деп санамайтынын айтқан. Ал ресми Киев болса, Қазақстан басшысының бұл пікірін әлем растаған саясатқа қарама-қайшы деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу