Тоқаевтың шетелде өткен жылдары сайлауға түсуіне кедергі емес – Әділет министрлігі

780

Заң бойынша ол басқа дипломаттар сияқты сайлауға түсе алады, өйткені олардың елден тысқары жерде қызмет етуі іссапар болып саналады.

Тоқаевтың шетелде өткен жылдары сайлауға түсуіне кедергі емес – Әділет министрлігі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2011-2013 жылдары елден жырақта жұмыс істегені оны кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде қатысуына кедергі болмайды, деп мәлім мәлім етті Әділет вице-министрі Наталья Пан.

"Ол қызметтік қажеттіліктен туындады. Оны Қазақстан Республикасы жіберді, сондықтан бұл сайлауға қатысу үшін кедергі болмайды", – деді Наталья Пан сәрсенбі күні журналистерге.   

Мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева да Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде дипломат ретінде жұмыс істеуі ұзақ мерзімді іссапар болып саналатынын айтты. 

"Заң бойынша ол басқа дипломаттар сияқты сайлауға түсе алады, өйткені олардың елден тысқары жерде қызмет етуі іссапар болып саналады. Ол шетелде жұмыс істеу болып саналмайды. Барлық дипломат белігіл бір елде немесе қандай да бір елде белгілі бір мерзімге іссапарда болады. Сол себепті еш кедергі жоқ", – деп атап кетті вице-спикер.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ-ның еуропалық бөлімшесінің басшысы болған.

Конститутцияға сәйкес президент сайлауы жалпыға бірдей тең және ашық сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтеді.

Айта кетсек, Қазақстанда туған, жасы 40-тан төмен емес, мемлекеттік тілде сөйлей алатын, жоғары білімді, соңғы 15 жылда елде тұрып жатқан кез келген азамат президент сайлануға үміткер бола алады.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу