Алғашқысы 2019-шы жылдың 20 желтоқсанында жарияланды. Нәтижесінде, митинг туралы заң қабылданды, саяси партияларды тіркеу талаптары жеңілдеп, Парламентте әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота бөлінді.
Ал 2020-шы жылдың 1 қыркүйегінде Тоқаев ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтетінін жариялады. Бұл реформалардың екінші пакеті. Сондай-ақ онлайн-петициялар институтын құрып, адам құқығын қорғау және азаптауларға қатысты заңнаманы жетілдіруді жүктеді.
Былтыр саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Одан қалды сайлау бюллетеньдеріне "бәріне қарсымын" бағанасы енгізілді. Омбудсмен туралы заң қабылдап, адам құқығы жөніндегі уәкілдің аппаратын нығайтуды тапсырды Президент.
Реформалардың 4-ші пакетінде саяи партиялар құрамына әйелдер мен жастар ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға да квота бөлу міндеттелді, ал оны сақтау заңмен бекітілді. Бұдан бөлек Тоқаев ауылдық жердегі азаматтық бастамаларды қолдау механизмін әзірлеуді тапсырды.