Тоқал алғың келсе, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол – Нұрлан Байжігітұлы

712

TikTok арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тоқал алғың келсе, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол – Нұрлан Байжігітұлы Фото: jasqazaq.kz

Ол "Сырласу" бағдарламасында қонақ болып, некелескен жарын жиі қуантқысы келетінін жасырмады.

"Әйелім қымбат сыйлық сыйлағанымды ұнатпайды. Бірде сыйлаған едім, қатты ұрысып берді. Ол кісі өте қарапайым. Сондықтан әйеліме Tiffany сыйламаймын. Әйелің қанағатшыл болса, дүниенің басы құралады екен. Жар таңдауда жолым болды", – деді имам.

Одан кейін қоғамда қызу талқыланатын көп әйел алуға қатысты да жеке көзқарасын білдірді.

"Көп әйел алуды қолдамаймын. Ондай әңгімені жақтырмаймын. Көп әйел алып, жылатып жүрген еркектер қаншама?! Көп әйелдің бірі болып, жылап жүрген қыз-келіншек қаншама?! Әділдік болуы керек. Құранда да айтылған. Әйелдің ішінде жарылмай жүрген өкпе-реніші болады. Сен тоқал алғың келе ме, қызыңды да тоқалдыққа беруге дайын бол. Көп еркек осы сөзбен келіспейді", – деп ой бөлісті теолог.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу