Тоқал алу тыйылады

669

Өзбекстанда бірнеше әйелге үйленуді насихаттайтындарға қатысты заң қатаңдатылды.

Тоқал алу тыйылады Фото: Ашық дереккөзден

Енді екінші әйел туралы айтқан блогер де, имам да жазаланады. Оған қоса, көршіміз бетін тұмшалап киінуді де заңмен шектемек. Өзбекстан Мәжілісі тағы қандай заңдар қабылдады? Мұндай шешімдерге баруға не себеп?

Бұл Өзбекстандық блогердің күйеуінің туған күніне жасаған сыйлығы. Алайда екінші әйелді алып келген бәйбіше құзырлы органдардан бірақ шықты. Полицейлердің профилактикалық әңгімесін тыңдаған келіншек, "бұл әзіл болған",- деп халықтан кешірім сұраған видео жариялады. Десе де, тоқал тақырыбы Өзбекстанда ер адамдар арасында әлі өзекті.

Ал бұл пысықай маркетологтардың жарнамасы. Видео желіде кеңінен тарап, тіпті челленджге айналып кетті. Сөйтіп өзбек азаматтары екінші, үшінші әйелдеріне арналған қымбат көліктерін жарыса жариялай бастады. Осындай бей-берекет жарнамалар ғаламторды жайлап кеткен соң, ел билігі заңды қатаңдатуға кірісті.

Енді екі немесе одан да көп әйелмен тұруды насихаттаған кез-келген адам әкімшілік жауапқа тартылады. Оған қоса, заңдастырылмаған некені діни рәсімдеуге де тыйым салынады. Өйткені, Өзбекстанда соңғы жылдары некесіз туған балалар саны күрт артқан. Мәселен, былтыр 19 мыңға жуық нәрестені жалғызбасты ана дүниеге әкелген. Депутаттар бұл, алимент тағайындау мен мұра қалдыруда көп мәселе туындатады,- дейді. Ал халықтың пікірі қақ айырылды.

Өзбекстан Ойлий Мәжілісі қабылдаған тағы бір заң қоғамдық орында бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюді шектеу. Енді көшеде тұмшаланып жүруге болмайды. Тек медициналық диагнозы бар адамдар мен қызметтік міндетін атқаратын мамандарға рұқсат етілмек. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалған шара екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу