Токио – 2020 олимпиадасында адамның бет-жүзін тану жүйесі қолданылады

803

Бұл Жапонияның тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады. 

Токио – 2020 олимпиадасында адамның бет-жүзін тану жүйесі қолданылады

Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада және Паралимпиада ойындарында спортшылар мен лауазымды тұлғалардың, БАҚ өкілдері мен өзге де қызметкерлердің бет-жүзін тану жүйесін қолданады, деп хабарлайды olympic.kz.

Мұндай технологиялар Олимпиада және Паралимпиада ойындарында бірінші рет қолданылуда, бұл Токионың тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады. 

Токио-2020 алтын серіктесі саналатын NEC корпорациясы бет-әлпеті тану жүйесін ұсынады. Аккредитациядан өткен әрбір адамның фотолары алдын ала жиналып, базада сақталады. Олар аккредитация нүктелерінде жеке тұлғаны тану үшін қажет болмақ. 

Мұндай жүйе Ойындардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түспек. Өзгенің аккредитациясын қолданып, спорт нысандарына кіруге мүлде болмайды. Тексеру автоматты түрде жүргізіледі.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты мақсат – белгісіз адамдар мен белгісіз заттарды оқиға орнына жібермеу. Мұндай технология  аккредитациядан өткен адамдарды нақтырақ идентификациялауға көмектесеі. Сондай-ақ, әртүрлі локацияларға мүмкіндік беред. Бұл қатысушылардың қауіпсіздігіне көмектеседі деп ойлаймын", - дейді қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Цуёси Ивасита.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу