Токио-2020: Бүгін бокстан Бибосынов пен Сафиуллин шаршы алаңға шығады

977

Токио төрінде жарыс жолында жүрген үш боксшының екеуі бүгін шаршы алаңға шығып, 1/4 финалда қарсыластарымен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Токио-2020: Бүгін бокстан Бибосынов пен Сафиуллин шаршы алаңға шығады

52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов испаниялық қарсыласы Эскобар Маскуаномен жұдырық түйістіреді. 1996 жылғы испаниялық боксшының бойы 163 сантиметр. Ол 2018 жылы Еуропалық одақтың (Испанияда өткен) чемпионатында топ жарған. Сонымен қатар 2019 жылы Беларусьте өткен Еуропа ойындарында жеңімпаз атанған. Сәкен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.45-те шығады.

Сондай-ақ 1/4 финалда 63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин Австралиядан келген Хәрри Гарсайдпен кездеседі. Австралиялық 1997 жылы туған. Автралияның 6 дүркін чемпион. Достастық ойындарының чемпионы. Зәкір Астана уақыты бойынша сағат 15.30-да өнер көрсетеді.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу