"Токио-2020" Олимпиада алауы эстафетасының бағыты жарияланды

952

Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында басталады.  

"Токио-2020" Олимпиада алауы эстафетасының бағыты жарияланды

Фукусима префектурасынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ, деп хабарлайды olympic.kz.

2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгерген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зақымданған аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі. 

9 шілде күні алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады. 

Коронавирустан қорғану талаптары туралы ұйымдастырушылар кейінірек хабарлайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу