Токио-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

1733

Токио төрінде бокстан 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Токио-2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

52 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов испаниялық қарсыласы Эскобар Маскуаномен жұдырық түйістірді. 1996 жылғы испаниялық боксшының бойы 163 сантиметр. Ол 2018 жылы Еуропалық одақтың (Испанияда өткен) чемпионатында топ жарған. Сонымен қатар 2019 жылы Беларусьте өткен Еуропа ойындарында жеңімпаз атанған. 

Бірінші раунда Сәкен қарсыласын ногдаунға түсірді. Әу бастан рингтегі басымдық Сәкенде болды. Қазақстандық боксшы бойының ұзындығын сәтті пайдаланды. Екінші раундта инспаниялық боксшы қарқынын үдетуге тырысты. Кейбір соққылары дарығанымен Сәкен де жауапсыз қалған жоқ. Екінші раундта испаниялық есепті теңестірді. Үшінші раундта Сәкен барын салып, барлық шеберлігін танытты.

Айта кетсек, Сәкен Бибосыновтан кейін 1/4 финалда 63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин Австралиядан келген Хәрри Гарсайдпен кездеседі. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу