Токио мен Эр-Рияд АЭА құру туралы келісті

1132

Токио мен Эр-Рияд АЭА құру туралы келісті

Сауд Арабиясына инфрақұрылым, медицина, туризм, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздері саласында отызға жуық жобаны іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақ құруға Жапония көмектеспекші. Екі елдің басшылары дүйсенбі күні осындай уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды РИА "Новости".

Жапонияның үкімет басшысы Синдзо Абэ мен Жапонияда сапармен жүрген  Саудия патшасы Салман Токиода кездесті. Бұл 2016  жылдың қазанында Эр-Риядта өткен министрліктер деңгейінде кездесуден кейін болып отыр.

"Киодо" агенттігінің мәліметі бойынша, бұл уағдаластық Сауд Арабиясының экономикасын әртараптандыруға, яғни аталған елдің мұнайға тәуелділігін төмендетуге бағытталған. Ынтымақтастық жобаларына екі елдің мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік компанияларының қатысуы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу