Токио ойындарының қатысушыларына арналған допингке қарсы ереже жарияланды

841

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (ВАДА) Халықаралық Олимпиада комитетінің Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына арналған допингке қарсы ережесімен таныстырды.

Токио ойындарының қатысушыларына арналған допингке қарсы ереже жарияланды

ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске қол қойған тарап ретінде, сондай-ақ, Олимпиада ойындарының допингке қарсы регламентін анықтауға құзырлы мекеме ретінде ережеге аздаған өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. . 

Ереже жаңартылған халықаралық стандарттарға және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген тыйым салынған дәрі-дәрмектердің жаңарған тізіміне сай болуы керек.

Ереже Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін 13 шілде мен жабылу салтанаты өтетін 8 тамыз аралығына дейін қолданыста болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу