Токио Олимпиадасы 1-2 жылға шегерілуі мүмкін

831

Жапонияда 1250 кісі коронавирус жұқтырса, 24 адам ажал құшқан.. 

Токио Олимпиадасы 1-2 жылға шегерілуі мүмкін

2020 жылға белгіленген Токиода өтетін олимпиада ойындары Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус эпидемиясына байланысты 1-2 жылдан кейін өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Wall Street Journal басылымы Жапонияның Олимпиада комитетінің өкілі Харуюки Такахашиге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Ойындар мүлдем болмайды емес, болады. Бірақ өту мерзімі өзгертіледі. Егер де спорт додасы болмаса, Халықаралық олимпиада комитетінің басы дауға қалады", –деді ол. 

Әзірге Жапонияның Олимпиада комитеті бұған қатысты тіс жармай отыр. Бірақ осы күнге дейін ойындар жоспар бойынша 2020 жылдың шілде және тамыз айлары аралығында өтетіні жарияланған еді.

Ескере кететін жайт, әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 110 мыңнан, ал қаза болғандар 4 мыңнан асып кеткен. Жапонияда 1250 кісі індетке шалдықса, 24 адам ажал құшыпты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу