Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары бір жылғa, 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.
Aталған шешім кеше, 24 наурызда қабылданды. Жапония премьер-министрі Синдзо Aбэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томaс Бах бірлесе осындай шешімге келді.
Қоңырау-конференц кезінде коронавирус індетінің жылдам таралуының салдарынан әлемде жағдайдың ушыққанын тілге тиек етті. Осы жағдайды ескере отырып, ХОК президенті мен Жапония премьер-министрі Олимпиада ойындары 2020 жылдан 2021 жылдың жазынан кейінге қалдырмай өткізу туралы шешімге келді.
"Токиодағы Олимпиада ойындары осындай қиын кезде әлемге үміт сыйлауы мүмкін. Олимпиада алауының сәулесі шуағын шашып тұрады. Сондықтан, Олимпиада алауы Жапонияда қалады деген шешім қабылданды", – делінген хатта.