Токио Олимпиадасы бокссыз өтуі мүмкін

1127

Халықаралық күрес федерациясының жетекшісі және Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқару комитетінің мүшесі, сонымен бірге ХОК AIBA-ны бақылау жөніндегі арнайы комитетін басқаратын Ненад Лалович мырза Olympic.kz сайтына берген сұхбатында олимпиадалық боксқа қатысты жағдайды түсіндірді.    

Токио Олимпиадасы бокссыз өтуі мүмкін

Олимпиада шенеунігінің Қазақстанға сапары Алматыда 9-11 сәуірде өткен күрес түрлері бойынша олимпиадалық іріктеу турнирі аясында болғанын атап өткен жөн.

"Бәрінен бұрын мен ХОК-тың бокс жөніндегі жұмыс тобының мүшесі емес екенімді ескертуім керек. АIBA жұмысы тоқтатылып, қазірде ХОК пен AIBA арасында ешқандай байланыс болмағандықтан Моринари Ватанабе мырза төрағалық ететін арнайы топ іріктеу ойындарын ұйымдастырып, бокстан Токио Олимпиадасының жарыстарын ұйымдастырады. AIBA бізге ХОК іздейтін өзгерістер туралы дәлелдеме бермек болған кезде ғана байланысқа шықты. Мен ХОК AIBA мониторинг комитетіне төрағалық етемін. Мен комиссияның төрағасы болғаныма қарамастан, барлық Комитет байланыс орнатуы керек", - деді Лалович мырза.

Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) мойындауды Халықаралық Олимпиада комитеті 2019 жылы тоқтатқанын, бірақ бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалып, барлық іріктеу жарыстары мен олимпиадалық турнирді ұйымдастыру үшін Дүниежүзілік гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабенің басшылығымен ХОК жұмыс тобы құрылған болатын.

"Бокстағы жағдай қиын. AIBA федерациясына Токио Олимпиадасына іріктеу сындары және Олимпиадада бокс жарыстарын өткізуге тыйым салынғанына айтқым келеді. Күзде, Олимпиада ойындарынан кейін жағдай толық қаралады. AIBA-ны шеттету туралы шешім 2019 жылы қабылданды. Содан бері біз уәде етілген бірқатар оң өзгерістер болады деп күткен едік, бірақ әлі күнге дейін өзгерістер орын алған жоқ. Біз бұл спорт түрінің "сау" болғанын қалаймыз. Әзірге 2020-2021 жылдарға жоспарланған жарыстарды ХОК Жұмыс тобы жүргізуде. Өкінішке орай, Лондонда өтуі керек бәсекенің біріншісі пандемия жариялануына байланысты тоқтатылды. Жоғарыда айтқанымдай, ХОК Халықаралық әуесқой бокс федерациясын, бокстың Токиодағы Олимпиада бағдарламасында сақталуын ескере отырып, шығарып тастау туралы шешімді 2019 жылы қабылдады. Ол кезде пандемия туралы түсінік болмаған еді. Төрт жылдан бері Олимпиада ойындарына дайындалған спортшыларға бұл ойындарда бокс болмайды деп айту мүмкін емес болғандықтан, осындай шешім қабылданды. Спортшылармен мұндай қарым-қатынас әділ болмас еді. Олимпиадалық қозғалыстың басты мақсаттарының бірі – саясатқа жол бермей, спортшылардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Дәл осы себепті мұндай шешім қабылданды. Олимпиада ойындарынан кейін біз әуесқой бокстан жарыстарды Олимпиадалық қозғалыс аясында қалай жалғастыруға болатындығын қадағалап, жұмыс істей береміз", - деді Ненад Лалович.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу