Токио Олимпиадасы көктемге қалды

756

Ұйымдастырушылар биылша әліптің артын бағуды жөн деп шешті. 

Токио Олимпиадасы көктемге қалды

COVID-19 індетінің өршуі Токио Олимпиадасын өткізуге жауапты орындарды тағы да тығырыққа тіреді. Енді олар келесі жылдың көктеміне дейін қандай да бір шешім қабылдамаймыз деп шешті.

"Интерфакс Қазақстан" Жапонияның ақпарат құралдарына сүйене отырып осындай мәлімет таратты.  

"Келесі жылдың наурыз айында сайыскерлерді іріктеу мәселесі шешіледі. Бұл да маңызды шара. Сол кездегі ахуалға байланысты ұйымдастырушылар нақты шешім қабылдайды", – деді Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Тосиаки Эндо.

Еске салсақ, биыл наурызда  Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирустің өршуіне байланысты   24 маусымда басталуға тиіс Олимипиада ойындарын бір жылға шегерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу