Токио Олимпиадасы: коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

721

Токиодағы Олимпиада ауылында COVID-19 вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. 

Токио Олимпиадасы: коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Токио 2020 ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар құрамындағы шетел азаматынан коронавирус анықталғанын растаған.

Алайда ол вирусты кім жұқтырғанын, оның ұлтын айтпаған.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 1 шілдеден бері 45 адамнан COVID-19 вирусы анықталған.

Бүгін коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған 15 адамнан вирус анықталған: Олимпиада ойындарының өтуін қамтамасыз ететін 7 қызметкер, делегациядан 6 адам, 2 журналист. Оның 8-і шетелдік. 

Биыл дүбірлі дода 23 шілде – 8 тамыз аралығында көрермендерсіз өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу