Ерлер арасында жеке сайыс бойынша 65, ал әйелдер арасында 70 спортшы бақ сынайды.
Сенбіде, 24 шілде күні қазақстандық Анастасия Лаврованың алғашқы қарсыласы ITTF рейтингінде 72-ші орында тұрған испаниялық Мария Сяо болады.
Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысқа екінші кезеңнен қосылады. Ол 25 шілдеде Любомир Янчаржик (Чехия)/Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу