"Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны да ойластырмасақ болмайды", - деді ол.
Айта кетелік, бүгінге дейін Олимпиада ойындарын өткізудің түрлі нұсқалары талқыланып жатыр. Бұған әлемдегі коронавирусқа байланысты жағдай әсер етуде.
Ал ХОК президенті Томас Бах ғаламдық індетке қарамастан, Токио Олимпиадасы мерзімінде өтетінін айтты.
Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу