Токио Олимпиадасына 100 лицензия алу жоспарланып отыр

1268

Қазір олимпиада лицензиясына жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен жүзуші Дмитрий Баландин ғана қол жеткізген. 

Токио Олимпиадасына 100 лицензия алу жоспарланып отыр

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қанша жолдама алу көзделгенін айтты.

"Жолдама бойынша Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың межесінен кем түспеуді көздеп отырмыз. Шатаспасам, Риода 104 жолдама болды-ау деймін. Токиоға да кемінде 100 жолдама алуымыз керек деп ойлаймын", – деді ол баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, дәл қазір олимпиада лицензиясына жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен жүзуші Дмитрий Баландин ғана қол жеткізген.

"Медальдің көбін бокс пен жекпе-жек түрлерінен күтеміз. Күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының нәтижелерін талдап, қорытындыладық. Нұр-Сұлтанда жүлдеге ілінгендер Токиода да медальға таласады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу