Дзюдошы Елдос Сметов Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын алған жағдайда спортық мансабын аяқтауға дайын болыпты. Бұл туралы спортшы "Azattyq.org" басылымына берген сұхбатында айтты.
"Риоға физикалық, психологиялық, техникалық жағынан дайын болып бардым. Финалда сәттілік жетіспеді. Олимпиада күмісі – карьерамдағы басты жетістігім. Егер Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім. Қазір медальдарымның арасында олимпиаданың алтыны жоқ. Демек ол медальды алу үшін Токио олимпиадасына дайындаламын", - дейді дзюдошы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу