Токио Олимпиадасына тағы бір жолдама

848

Теннистен Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова жұптық санат бойынша лицензия иеленді.

Токио Олимпиадасына тағы бір жолдама

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасына тағы бір лицензия әкелді. Төртжылдықтың басты бәсекесінде қос спортшы жұптық санат бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, ерлер арасындағы жарыста жұптық жарыстарда Александр Бублик / Андрей Голубев, ал әйелдер арасында Елена Рыбакина / Ярослава Шведова Қазақстанның намысын қорғайды.

Токиодағы Олимпиада ойындарында теннистен жекелей сын бойынша Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қатысады. 

Айта кетерлігі, Олимпиада ойындарында теннис бойынша бәсекелер 24 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу