Токио Олимпиадасынан "сабақ алу үшін" жұмыс тобы құрылады

737

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Токио Олимпиадасынан "сабақ алу үшін" жұмыс тобы құрылады

Алдағы уақытта министр бапкерлердің жалақысын өсіру үшін ұсыным әзірлеуге тиіс. Ал Ұлттық Олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында жіберілген қате-кемшілікті талдайтын жұмыс тобын құруы керек. 

"Ұлттық Олимпиада комитетінен дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарының өзектілігін арттыруға белсенді қатысуды сұраймын. Сіздердің тәжірибелеріңіз сапалы жоспар дайындауға көмектесетініне сенімдімін. Мемлекеттік органдар мен спорт қауымдастықтарының өкілдері сапынан жұмыс тобын құруды ұсынамын. Қазір бапкер даярлау ісі өзекті болып тұр. Ұлттық Олимпиада комитеті Мәдениет және спорт министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарында жаңа білім бағдарламаларын дайындауға атсалысуға тиіс. Министрлік бапкерлердің еңбекақысын өсіру бойынша ұсыныс дайындауы керек", – деді Ералы Тоғжанов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу