Токио Олимпиадасында кімдерден жүлде күтеміз?

1309

Токиодағы Олимпиаданың ертең ресми түрде жалауы желбірейді, деп хабарлайды Atameken Business.  

  Токио Олимпиадасында кімдерден жүлде күтеміз?

32-ші жазғы ойындардың ашылу салтанаты Астана уақыты бойынша таңғы 9-да басталмақ. Жалпы, Қазақстан үшін бұл нешінші олимпиада, бұл жолы ел намысын кімдер қорғайды?  

Негізі, бұл байрақты бәсекеден, әрине, үмітіміз зор. Дәстүр бойынша Қазақстан құрамасы бұл жолы да кемі үш алтын медальмен оралады деген болжамдар да жасалып жатыр. Біздің Үкімет бұл сұраққа келгенде комментарийсіз қалғаны есімізде. Жоспарды да ашып айтпады. Райымқұлова ханым: "Спортшылардың психологиясына әсер етпес үшін мұндай болжам айтудан тартынамыз. Бірақ үлкен үміт бар" деп қысқа қайырған еді. Жауырынға қарап жорамал жасамасақ та, бабына қарай бағын тануға болатын сияқты. Мысалы, Gracenote халықаралық сараптама компаниясы Қазақстан Токио олимпиадасында жалпы 14 медаль, бірақ бір алтын ғана алады деп топшылайды. Олар нақты кімдерді фаворит көріп отыр? Қаншалықты шындыққа жанасады? Оны біз спорт комментаторы Ермұхамед Мәуленмен сараптап көрейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу