Токио Олимпиадасында жарыстардың 40%-ы көрерменсіз өтуі мүмкін

791

Бұл өзгеріс футбол, бейсбол, баскетбол, жеңіл атлетика мен Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу рәсіміне қатысты. 

Токио Олимпиадасында жарыстардың 40%-ы көрерменсіз өтуі мүмкін

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында жарыстардың 40%-ы көрерменсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Kyodo ақпарат агенттігінің мәліметінше, ұйымдастырушылар спорт нысандарына келушілер санын азайту туралы қосымша шешім қабылдаса, Олимпиада ойындарында жарыстардың 40%-ы көрерменсіз өтуі ықтимал.

"Бүгінде стадиондарды толтырудың шегін 10 мыңнан 5 мыңға дейін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жағдайда 5 мыңнан аса билет сатылған барлық іс-шара, сондай-ақ кешкі сағат 21:00-ден кейін жоспарланған іс-шаралар көрерменсіз өтеді. Бұл өзгеріс футбол, бейсбол, баскетбол матчтары, жеңіл атлетика мен Олимпиа ойындарының ашылу және жабылу рәсіміне қатысты", – деп жазылған хабарламада.

Келесі аптада ұйымдастырушылар бес жақты онлайн-кездесу өткізеді. Онда стадиондардағы көрермендердің рұқсат етілген санына қатысты мәселе талқыға салынады.

"Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото жұмада өткен баспасөз мәслихатында ұйымдастырушылар жарысты көрерменсіз өткізуге дайын екенін мәлімдеген. Мұндай пікірді Токио губернаторы Юрико Коике де айтқан.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылғы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі керек болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты оның мерзімі бір жылға шегеріліп, 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін болды.
20 наурызда ұйымдастырушылар Олимпиада ойындарын шетелдік жанкүйерлерсіз өткізу туралы шешім қабылдады. 

21 маусымда жергілікті көрермендерге Олимпиада ойындарын көруге стадионде көруге рұқсат берілді. Белгіленген лимит – 10 мың орын.

Сондай-ақ жарыстар кезінде спорт объектілерінің толтырылуы 50%- дан аспауға тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу