Токиодағы Олимпиада ойындарында коронавирус инфекциясын тағы жеті адамның жұқтырғаны анықталды,деп хабарлайды Inbusiness.kz жапониялық Jiji порталына сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, олардың екеуі – Нидерланд құрамасының екі теннисшісі. 26 шілдеде голландиялық Уэсли Колхоф пен Жан-Жюльен Ройер дертте шалдыққаны үшін жұптық теннис турнирінен шығарылған болатын.
Жалпы, Олимпиада ойындарында коронавирус жұқтырғандардың саны 160-қа жетті.
Бұған дейін спорт додасының кестесі аралға жақындап келе жатқан сұрапыл дауылға байланысты өзгертілген еді. 26 шілдеге жоспарланған сайыстардың бір бөлігі басқа күнге ауыстырылды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу