Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады және 121 күнге созылады. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті хабарлады, деп жазады Оlympic.kz.
Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында қонақ болады. "Токио -2020" ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсізді талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу