2020 жылдың 1 қыркүйегінде Олимпиада алауы Токиодағы Ұлттық стадион мұражайына орнатылады.
Коронавирус індеті тараған соң, ұйымдастырушылар алауды жұрт көзінен тасада ұстауды жөн көрген.
Сондай-ақ, елде төтенше жағдай режимінің жариялануы да бұл шешімге әсер етпей қоймады.
Kyodo мәліметіне сәйкес, Токио ойындарын ұйымдастырушылар Олимпиада алауын қайтадан халық назарына ұсынбақ.
Алау жаңадан салынған ұлттық стадион мұражайында орнатылады. Алауды көрушілер алдын ала билет алуға міндеттеледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу