Токио паралимпиадасында қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

737

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Токио паралимпиадасында пауэрлифтингтен 54 келі салмақта чемпион болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Токио паралимпиадасында қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

Давид Дегтярев Токио Олимпиадасының пауэрлифтинг жарысында 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, 172 келіні еңсерді.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында өмірге келген. Пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналысады. Жеке жаттықтырушы - Колесников Юрий Николаевич. 2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу