Бірінші орын үшін былғары қолғап шебері – 100 мың, екінші орын үшін – 70 мың, үшінші орын үшін – 50 мың доллар алады. Шәкірті алтыннан алқа таққан жаттықтырушыға – 25 мың, күміс иеленсе – 15 мың, қола жүлдегер атанса – 10 мың доллар сыйақы беріледі.
Бұдан бұрын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және бапкерлерге берілетін мемлекет тағайындайтын сыйақыға туралы мәлімдеме жасаған болатын.
"Олимпиада да жеңіске жеткен спортшыларға, олардың бапкерлеріне сыйақы тағайындау туралы ереже қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, бірінші орын алған спортшы мен оның бапкеріне 250 мың доллардан беріледі. Бапкерлердің сыйақысының 10%-ы спортшыны тапқан, таныған бапкерге беріледі. 80%-ы спортшыны дайындаған бапкерге ұсынылады. Қалған 10%-ы бас бапкерге төленеді", – деген еді министр.
Ақтоты Райымқұлова Олимпиада да екінші орын алған спортшыға – 150 мың, үшінші орын алған спортшыға 75 мың доллар берілетінін баяндаған.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасында боксшылар ерлер арасындағы бәсекеде 8, әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Олимпиада 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
Қанат Махамбет