Токиода экс премьер Абэні жерлеу рәсіміне қарсы наразылықтар өтіп жатыр

489

Токиода жүздеген адам Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэні мемлекеттік жерлеу рәсіміне наразылық білдірді. 

Токиода экс премьер Абэні жерлеу рәсіміне қарсы наразылықтар өтіп жатыр

Адамдар "Мемлекеттік жерлеу рәсіміне қарсымыз!", "Жерлеуді болдырмаңыз!" деген ұранмен алаңға шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz "РИА Новости" порталына сілтеме жасап. Ұсталғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Олардан бөлек қайтыс болған экс-премьерді еске алу үшін көшеге шыққандар да бар. Куданзака саябағында азаматтар гүл қоятын екі құрбандық ошағы орнатылды. Ол жерлеу рәсімі өтетін Будокан аренасының жанында орналасқан. Рәсімде қауіпсіздікті 20 мыңға жуық полиция қамтамасыз етеді.

Қазақстан атынан жерлеу рәсіміне Мемлекет басшысының тапсыруымен Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу