Өрттің ауданы 500 шаршы метрден асып, көрші үйлерге таралып үлгерген. Оқиға орнында 54 өрт сөндіру есебі жұмыс істейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz NHK телеарнасына сілтеме жасап.
Оттың тұтанған сәтінде зауыт аумағында 13 адам болғаны анықталды. Олардың бірі түтіннен уланып қалды.
Біздегі мәліметтерге сәйкес, кәсіпорынның екінші қабатында химиялық заттар сақталған, сондықтан билік жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялауға шақырады. Осы мақсатта жергілікті мектептердің бірінде зардап шеккендерге төсек-орын дайындалды.